HBO сарапшысы Головкин-Альварес жекпе-жегінің фаворитін атады

HBO сарапшысы Головкин-Альварес жекпе-жегінің фаворитін атады

Танымал HBO телеарнасыны? сарапшысы ?рі маманы Харольд Ледерман орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалы? Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасында?ы жекпе-жекті? кімні? фаворит екенін атап, ?з  ойын б?лісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Танымал HBO телеарнасының сарапшысы әрі маманы Харольд Ледерман орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы жекпе-жектің кімнің фаворит екенін атап, өз  ойын бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл тамаша жекпе-жек болады. Мен кімнің жеңетінін білмеймін, бірақ осы кездесудің сөзсіз ұмытылмастай болатыны анық. Менің фаворитім - Головкин, себебі ол ірі әрі тәжірибелі боксшы. Сонымен қатар, оның күші көп. Бірақ ол Дэнни Джейкобспен шыққан кезде сәл әлсіздеу, қартайған болып көрінді. Жылдар өзінікін жасайды. Сіздер өздеріңіз көрдіңіздер. Головкин бірінші рет қиындықтарға тап болған секілді. Головкин әрдайым қорқыныш ұялатып, үрей тудыратын. Давид Лемьені, Габриэль Росадоны қалай сұлатқаны естеріңіз ме? Бірақ Джейкобспен кенетте қиындықтар туды. Меніңше, бұл жас мөлшері. Бір жағынан "Канело" Чавеспен шыққан жекпе-жекте өзін жақсы көрсете алмады. Біз бәріміз Головкинді жақсы көреміз, бірақ оның жеңетініне бұрынғыдағыдай сенімді емеспіз. Ол бізге жақын болып кетті. Егер кездесу 12 раундқа созылса, барлығы реванш сұрайтын болады. Мүмкін бұл трилогия болуы да мүмкін", - деп жазды Boxingnews24.com порталы Ледерманның сөзін. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастаығ (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Реклама
Реклама

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық The Ring журналының белбеуін бәске тігеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама