ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қаңтар 2020 | 17:06
Инсайдер Головкин мен Шереметаның жекпе-жегі нақты қашан өтетінін айтты
Инсайдер Майк Коппинджер (The Athletic) промоутер Эдди Хирн DAZN стриминг компаниясымен IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі жайлы келіскенін айтып отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның мәліметтеріне сәйкес, міндетті үміткер поляк боксшысы Камил Шереметамен жекпе-жек 11 сәуірде өтеді.
Коппинджердің мәліметінше, жекпе-жек өтетін орын әзірше белгісіз. Оның айтуынша, таңдау Чикагодағы (АҚШ) Wintrust аренасы мен Қазақстан арасында тұр.
Еске салсақ, Головкин былтыр қаңтарда Нью-Йоркте (АҚШ) өткен бокс кешінде украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, IBF бос титулын иеленген. Сол кеште Шеремета АҚШ-та дебют жасады, ол мексикалық Оскар Кортесті екінші раундта нокаутқа түсірген еді.
Показать комментарии
Читайте также