Ирландиялық боксшы Головкинді Бораттың киімінде тұрып жекпе-жекке шақырды

Ирландиялық боксшы Гэрри О'Салливан WBA (Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары блйынша әлем чемпионы Геннадий Головкинді Бораттың киімінде тұрып жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Таяуда қазақстандық Twitter парақшасында келесі қарсыласын жанкүйерлеріне таңдауды ұсынған еді. "Менің жанкүйерлерім келесі жекпе-жекті кіммен өткізгенімді қалайды?", - деп жазған еді Головкин. 

О'Салливан бұл твитке видеомен жауап беріп, қазақстандықты шаршы алаңға шақырды. Оның айтуынша, ол Головкинмен жұдырықтасқысы келеді, тіпті жеңетініне сенімді екенін де айтады.

Реклама
Реклама

 

Айта кетейік, 34 жастағы Головкин келесі жекпе-жегін қыркүйекте өткізеді. Қарсыласы белгісіз. Головкинге жекпе-жекке шығуды мексикалық Хильберто Рамирес ұсынған болатын. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама