Иса Ақбербаев қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Иса Ақбербаев қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Иса А?бербаев ?арсыласын бірінші раундта нокаут?а т?сірді. Бокс кеші "Хабар" телеарнасында к?рсетілді. 

Иса Ақбербаев қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді. Бокс кеші "Хабар" телеарнасында көрсетілді. 

Бірінші орта салмақта IBO тұжырымы бойынша интерконтинентал чемпионы, Global Boxing Council тұжырымы бойынша әлем чемпионы Иса Ақбербаев (18-0, 13 КО) германиялық Майкл Курцвейлмен (17-7, 17 КО) жұдырықтасты. Бірінші раундта қазақстандық неміс спортшысын апперкотпен, кейін джебпен ұрып құлатты. Осылайша Ақбербаев 18-ші жекпе-жегінде 18-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Оның 13-ін уақытынан бұрын аяқтаған. 

Еске салайық, осыған дейін әйелдер арасында қазақстандық Фируза Шарипова екінші жеңіл салмақта сербиялық қарсыласы Милена Матовичті үшінші раундта нокаутпен жеңген болатын. Қазақстандық боксшы қыз кәсіпқой бокста осымен екінші жеңісін тойлап отыр, сонымен қатар ол бір рет жеңіліс тапқан.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама