Иса Ақбербаев белорус қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Иса Ақбербаев. Фото vesti.kz сайтынан

Қазақстанның бірінші ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшысы Иса Ақбербаев кезекті жеңіске қол жеткізді. IBO Intercontinental тұжырымы бойынша әлем чемпионы белорус қарсыласы Игорь Караваевты нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мәскеу түбіндегі "Арена Химки" стадионындағы жекпе-жектер KazSport арнасынан және ресейлік телеарналардан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. Қазақстан боксшысы 26 жастағы қарсыласын бірінші раундтың екінші минутында иегіне оң жақтан тура тікелей дәл соққы беріп, нокаутқа түсірді. 

Реклама
Реклама

31 жастағы Ақбербаев өзінің барлық 14 жекпе-жегінде 14 рет жеңіске жетіп отыр. Он кездесуді ол нокаутпен аяқтады. Иса Ақбербаев Қостанайда туып-өскен. Ол кәсіби карьерасын 2009 жылы бастады. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама