Иван Дычко Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Иван Дычко Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды © Reuters

Қазақстандық боксшы Иван Дычко Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы ағылшынның 30 жастағы боксшысы Джо Джойспен жұдырықтасты. Бірінші раундта үш төреші де Дычко басым болды деп шешті. Екінші раунда екі боксшының да шаршап қалғаны байқалды. Сөйтіп, есеп теңесті. Қорытынды раундты төрешілер ағылшынның пайдасына шешті. Жекпе-жек қорытындысында Джо Джойс жеңіске жетіп, финалға шықты. Ал Дычко Қазақстан қоржынына 16-шы медалді салды.

Еске салайық, турнирдің жартылай финалында ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандықтың қарсыласы 22 жастағы нигериялық Эфе Аджагба болған еді. Дычко үш раундта да қарсыласынан айласын асыра білген болатын.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама