29 сәуір 2019 18:09

Иван Дычконың менеджері қарсылас ретінде неге 48 жастағы боксшыны таңдағанын түсіндірді

Қазақстандық Иван Дычконың менеджері Зия Алиев Vesti.kz-ке боксшының 10 мамырдағы жекпе-жегіне неге 48 жастағы америкалық Рэй Остинді таңдағанын түсіндіріп берді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Иван Дычконың менеджері Зия Алиев Vesti.kz-ке боксшының 10 мамырдағы жекпе-жегіне неге 48 жастағы америкалық Рэй Остинді таңдағанын түсіндіріп берді. 

Суперауыр салмақтағы кездесу Голливудтағы Hard Rock аренасында өтеді. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған. 

Реклама
Реклама

"Неге ол? Иван былтырғы жылдың шілдесінен бері жұдырықтасқан жоқ. Бұл кездесу өз қалпына келіп алуы үшін ұйымдастырылады. Ал келесі жекпе-жектен бастап өз дағдысына енеді. Кездесу сайын оның оппозициясын көтере береміз", - деді Алиев. 

Бұған дейін 28 жастағы Дычконың рингке 10 мамырда оралатыны хабарланған еді. Боксшы кәсіпқой бокстағы карьерасын 2017 жылы қыркүйекте бастап, бүгінге дейін жеті кездесу өткізді. Жетеуін де нокаутпен аяқтаған. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram