11 шілде 2021 09:06

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

© Reuters

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов (13-5) Лас-Вегас қаласында өткен UFC 264 турнирінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов (13-5) Лас-Вегас қаласында өткен UFC 264 турнирінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Отандасымыз америкалық Джером Риверамен (10-5) кездесіп, бірінші раундта қарсыласын қылғындырып тастады. 

Осылайша Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы бірінші жеңісіне қол жетткізді. Ал жалпы бұл қазақстандық спортшының аралас жекпе-жектегі 14 жеңісі. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Жұмағұлов UFC ұйымындағы үшінші кездесуін өткізді. Бұған дейін ол осы ұйымдағы бірінші кездесуде бразилиялық Раулиан Пайвадан, кейін швециялық Амир Альбазиден жеңіліп қалған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram