27 маусым 2021 | 09:01

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің экс-чемпионын мерзімінен бұрын жеңді

Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_qazaqstyle

28 жастағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионы 30 жастағы америкалық Роб Брантты жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

28 жастағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионы 30 жастағы америкалық Роб Брантты жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жекпе-жек Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтті, осы бокс кешінің басты жекпе-жегінде украиналық Василий Ломаченко (14-2, 10 КО) жапониялық Масаеши Накатанимен (19-1, 13 КО) кездеседі.

72,6 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі бәсеке 10 раундқа жоспарланған. Алайда Әлімханұлы алтыншы раундта америкалықты нокдаунға түсірді. Ал сегізінші раундтан кейін Брант бұрышы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Реклама
Реклама

Бұл Әлімханұлының он жекпе-жектегі оныншы және мерзімінен бұрынғы алтыншы жеңісі. Ал Брант үшінші рет жеңіліп отыр, оның қоржынында 26 жеңіс бар. 

Айта кетейік, Әлімханұлы өнер көрсететін орта салмақта IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы - қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная