Жәнібек Әлімханұлы: Чарло, Андраде және Канелоны жеңгім келеді

Фото: Top Rank

Орта салмақта WBC Continental Americas және WBO Global титулдарының иегері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпиондарымен жұдырықтасқысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақта WBC Continental Americas және WBO Global титулдарының иегері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпиондарымен жұдырықтасқысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлімханұлы 28 наурызда Канаданың Квебек қаласында ганалық Исса Самирмен жекпе-жек өткізуі керек болған. Алайда коронавирус пандемиясы қатысты кездесу кейінге қалды. Fight-library.com портаты қазақстандық боксшыдан жекпе-жек шегерілмей тұрып сұхбат алған. Сұхбатта Әлімханұлы Сауль Альварес, Деметриус Андраде және Джермалл Чарло секілді әлем чемпиондарымен жұдырықтасқысы келетінін айтқан.  

"Қарсыласымды құрметтеймін. Оның рекорды өте жақсы, бірақ ол әлем чемпионы емес. Оның рекордна мән бермеймін. Мен рингке қазақ стилін көрсету үшін шығамын. Сеніңіздер, мен чемпиондарға қарсы жұдырықтасуға ұзақ уақыттан бері дайынмын. Кеше дайын болдым, бүгін де, ертең де дайынмын. Тек чемпиондармен жұдырықтасқым келеді. Осы жекпе-жектен кейін Top Rank маған чемпиондық жекпе-жекті береді деп ойлаймын. Чарло, Андраде және Канелоны жеңгім келеді", - деді Әлімханұлы.  

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Джермалл Чарло орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы саналады, ал Деметриус Андрадеде осы салмақта WBO белбеуі бар. Сауль "Канело" Альварес - орта салмақ (WBC Franchise / WBA Super) және екінші орта салмақтағы (WBA Regular) чемпион.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама