ПОДЕЛИТЬСЯ
28 желтоқсан 2018 | 17:34
Жәнібек Әлімханұлы "жалдамалы баскесермен" жұдырықтасады
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (4-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (4-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
25 жастағы қазақстандық боксшы 2 ақпанда АҚШ-тың Фриско қаласындағы бокс кешінде жұдырықтасады.
BoxRec.com мәліметінше, қазақстандықтың қарсыласы The Hitman (жалдамалы баскесер) лақапатымен танылған америкалық Стивен Мартинес (18-4, 13 КО) болады. Жекпе-жек сегіз раундтан тұрады.
Әлімханұлы үшін бұл АҚШ-тағы үшінші жекпе-жегі. Америка Құрама Штаттарда ол алғаш рет 28 қыркүйекте жұдырықтасып, төрешілер шешімімен колумбиялық Карлос Галвананы (16-8-1, 15 КО) жеңді. Қарашада америкалық Вон Александерден басым түсті.
Показать комментарии
Читайте также