ПОДЕЛИТЬСЯ
12 сәуір 2019 | 10:27
Жәнібек Әлімханұлы салмақ өлшеу рәсімінен өтті
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) титулға талас жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) титулға талас жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Әлімханұлы Лос-Анджелестегі Staples Center аренасында өтетін бокс кешіне қатысады. Оның қарсыласы мексикалық Кристиан Оливас (16-4, 13 КО) болмақ. Боксшылар орта салмақта WBO Global және WBC Continental Americas титулдары үшін жұдырықтасады.
Екі боксшы да орта салмақ лимитінен асқан жоқ. Әлімханұлының салмағы 160 келі, ал Оливас одан бірнеше грамм жеңілдеу болып шықты.
12 сәуірде өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақта WBA (Super) және WBO чемпионы украиналық Василий Ломаченко (12-1, 9 КО) мен британиялық Энтони Кроллой (34-6-3, 13 КО) қолғап түйістіреді.
Айта кетейік, бұған дейін Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум өзінің клиенті Жәнібек Әлімханұлына өз бағасын беріп, оны Геннадий Головкиннің ізбасары деп атаған болатын.
Показать комментарии
Читайте также