12 наурыз 2022 09:37

Жәнібек Әлімханұлы WBA белбеуіне үміткер қарсыластарын мазақ етті

Фото: ©TOP RANK

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) Бүкіләлемдік бокс ұйымының "уақытша" чемпионы титулы үшін өтетін кездесуде қарсыласының ауысуына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBO ұйымы Хайме Мунгияның (39-0, 31 КО) орнына қазақстандық боксшымен кездесуге WBO Europe белбеуінің иегері Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) шығатынын мәлімдеді. 

Айта кетейік, қазақстандық үшін төртінші рет қарсылас ізделді. Бұған дейін Жәнібекпен WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО), сондай-ақ екі рейтингтік бәсекелес - Эскива Фалькао (29-0, 20 КО) және Хайме Мунгия (39-0, 31 КО) жекпе-жекке үміткер болған.

Реклама
Реклама

"Орта салмақтың ең қорқынышты боксшысы екенімді айттым ғой", - деп жазды боксшымыз әлеуметтік желіде.

Еске салайық, осыған дейін Әлімханұлымен кездесуден Мунгиядан бөлек WBO белбеуінің иегері Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) мен Эскива Фалькао (29-0, 20 КО) "қашып" кеткен болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram