Жәнібек Әлімханұлының андеркардында екі қазақ боксшысы жұдырықтасады

©instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) алдағы кездесуінің андеркардында шығатын екі боксшы анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) алдағы кездесуінің андеркардында шығатын екі боксшы анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Әлімханұлы келесі кездесуін 21 мамырда Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өткізеді. Оның қарсыласы ұлыбританиялық Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) болады. Бұл кездесуде WBО ұйымының "уақытша" чемпиондық атағы сарапқа салынады.

Бұл бокс кешінің андеркардында екі қазақ боксшысы жұдырықтасады. Олар - 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл және әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов. 

Реклама
Реклама

Әбілхан үшін бұл кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуі болса, Жүсіпов екінші жекпе-жегін өткізеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама