28 ақпан 2022 | 09:12

Жанқош Тұраров карьерасында алғаш рет жеңілген Қанат Исламға үн қатты

Фото: instagram.com/zhankoshturarov

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (25-0, 18 КО) өзінің отандасы және досы Қанат Исламды (28-1, 22 КО) қолдады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (25-0, 18 КО) өзінің отандасы және досы Қанат Исламды (28-1, 22 КО) қолдады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Кешегі Қанат бауырымның кезекті кездесуінде екі тараптың да мықтылығын көрдік. Жекпе-жектің соңына дейін тақымымызды қысып, үлкен үмітпен отырдық. Қанекең екеуміз Маями қаласында 3 жыл бірге тұрып, бір нанды талай бөлістік. Еңбекқорлығы мен адамгершілігімен ерекшеленетін бауыр ағама еш мойыма дегім келеді. Бұл - үлкен спорт! Жеңіс бар жерде жеңіліс те болары заңдылық.

Әлемге танымал ұлы боксерларымыздың да тарихында жеңілістің ащы дәмі сезілген. Осы күнге жетудің өзі де үлкен жеңіс! Мұхит асып, денсаулықты тәуекелге тігіп, ел намысын қорғаудың артында қанша тер мен күштің жұмсалатыны сенімен мен жақсы түсінеміз. Қанеке бауырым, жеңісті күндерің әлі де алда. Еш мойымай, алдағы жекпе-жекке одан ары қайратты болып оралатыныңа сенімдіміз! Елің сенімен әрдайым мақтанады", - деп жазды боксшы Instagram желісіндегі парақшасында. 

Қанат Ислам неге жеңіліп қалғаны айтылды

Реклама
Реклама

Еске салайық, 26 ақпанда Қанат Ислам (28-0, 22 КО) орта салмақтағы WBO Global белбеуі үшін айқасын өткізіп, карьерасында алғаш рет жеңілді. Бұл айқас АҚШ-тың Плант-Ситидегі бокс кешінде өтті. Ал қазақ боксшысының қарсыласы ұлыбританиялық Джимми Келли (25-2, 10 КО) болды. Он раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті британиялыққа берді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная