02 маусым 2019 | 11:20

Жанқош Тұраров қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Жаңқош Тұраров. © Vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров шаршы алаңға оралып, Кардиффте ганалық боксшы Ричмонд Джарбенгпен жұдырықтасып, нокаутқа түсірді.  Ол соңғы 2 жыл бойы шаршы алаңға шықпаған еді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров шаршы алаңға оралып, Кардиффте ганалық боксшы Ричмонд Джарбенгпен жұдырықтасып, нокаутқа түсірді.  Ол соңғы 2 жыл бойы шаршы алаңға шықпаған еді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек сегіз раундқа созылу керек болған, алайда екінші раундтан кейін шаршы алаңдағы шайқас жалғасқан жоқ. Ричмонд Джарбенг жарақатына байланысты жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Реклама
Реклама

Осылайша, қазасқтандық 28 жастағы боксшы кәсіпқой бокстағы 23-ші жеңісін тойлады. Бірде-бір кездесуде қарсыласына есе жібермеген. Ал ганалық боксшы болса төртінші рет жеңілістің кермек дәмін татты.

Жанқош Тұраров MTK Global ұйымдастыруымен алғашқы жекпе-жегін өткізді. Алғаш рет Ұлыбританияда бақ сынады. Осыған дейін отандасымыз АҚШ, Доминикан Республикасы мен Колумбияда кездесу өткізген.

Кардиффтегі бокс кешінде қазақстандық Сұлтан Зауырбек те шаршы алаңға шықты. Никарагуалық Серхио Гонсалесті жекпе-жек аяқталуға 16 секунд қалғанда техникалық нокаутпен жеңді. Жанқош пен Сұлтан келесі жекпе-жектерін 6 шілдеде Нұр-Сұлтанда өткізеді. Басты жекпе-жекте жеңіл салмақта WBC чемпионы Нордин Оубали (15-0, 11 КО) шаршы алаңға шығады. Бұл бокс кешін де MTK Global ұйымдастырады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная