07 сәуір 2022 10:42

"Жоғалып кетпеуі керек еді". Головкин Канелоның мәлімдемесіне жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Геннадий Головкин екінші орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварестің мәлімдемесіне жауап берді. Ол қазақстандық боксшымен трилогия жеке ісі екенін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин егер "Канело" шынымен қайта жекпе-жек өткізгісі келсе, 2018 жылы өткен екінші жекпе-жектен кейін бірнеше жыл күтпес еді деп жауап берді.

"Мен рингке шыққанды жақсы көремін. Кімге қарсы екені мен үшін екінші мәселе. "Канелоның" бұл жеке іс дегеніне келсек, егер оның жеке амбициясы болса, жоғалып кетпей, үшінші жекпе-жекті әлдеқайда ертерек өткізуге ұмтылуы керек еді. Қазір жеке іс деп аянышты сөздер айтуы орынсыз дер едім", - деп келтіреді fightnews.info Головкиннің сөзін.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Головкин 9 сәуірде WBA Super нұсқасы бойынша әлем чемпионы Риота Муратамен жұдырықтасады. "Канелоға" келсек, ол мамырда жартылай ауыр салмақта Дмитрий Биволмен жұдырықтасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram