30 мамыр 2019 18:15

Жүкембаев Головкиннің келесі қарсыласымен таныс екенін айтты

© DAZN

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (15-0, 12 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) келесі қарсыласы канадалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО) таныстығы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2016 жылы 16 желтоқсанда Жүкембаев және Роллс Квебектегі бір бокс кешінде өзерінің жекпе-жектерін өткізген. Ол кезде екі боксшы да қарслыластарын нокаутпен жеңген.

Реклама
Реклама

"Роллспен бір шоуда болдық. Оның бапкері Орталық Азиядан екенін білемін. Сол жерде танысқанбыз. Бірақ оның жұдырықтасқанын көрмедім. Былай айтқанда - бұл үлкен жекпе-жек алдындағы қыздырыну.

Головкиннің DAZN-де карьерасы қалай өрбитінін білмеймін. Роллспен жекпе-жек - өте маңызды. Көптеген сұрақтарға жауап болады. Головкиннің дайындығы қандай деңгейде екенін көреміз. Дәл қазір бұл GGG-ге ғана белгілі", - дейді Жүкембаев.

37 жастағы Головкин мен Роллс кездесуі 8 маусым Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл қазақстандық боксшы үшін жаңа бапкер Джонатан Бэнкстің жаттықтыруымен өтетін бірінші жекпе-жек.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram