26 қаңтар 2020 | 11:31

Жүкембаевтың мексикалық боксшыны нокаутқа түсірген видеосы жарияланды

© facebook.com/eottmboxing

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) мексикалық Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) мерзімінен бұрын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) мексикалық Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) мерзімінен бұрын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олар Канаданың Монреаль қаласындағы Montreal Casino аренасында өткен бокс кешінің басты кездесуінде жұдырықтасты. Жекпе-жек он раундқа есептелген, алайда екінші кезеңде кездесу аяқталды. Екінші раундта Жүкембаев қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді, осыдан кейін Лара есін жия алмады. Осылайша кездесудің төрешісі жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. 

Реклама
Реклама

Осылайша, Жүкембаев 18 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті, оның 14-ін мерзімінен бұрын аяқтады. Лара болса осымен оныншы рет тізе бүкті, бұрындары ол 22 (10 КО) кездесуде еңіске жеткен. 

Қазақстандық боксшы бірінші рет WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental белбеулерін қорғау керек болған, алайда жекпе-жекте ешқандай чемпиондық титул сарапқа салынбайтын болды. 

Ресми салмақ өлшеу рәсімінде Жүкембаев 141,6 фунт болды, ал Лара - 139,8. Қазақстандық боксшы қарсыласынан 816 грамға ауыр болды - 64,228 келі. Бірінші жартылай орта салмақта рұқсат етілген салмақ - 140 фунт (63,503 келі), алайда келісімшарт талаптары бойынша қарсыластар 142 фунттан (64,410 келі) аспаса болды. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная