Канадада өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшылар шаршы алаңға қашан шығады?

© Eye of the Tiger Management

Кәсіпқой бокста жеңілмеген қазақстандық Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) пен Нұрзат Сабыров (8-0, 7 КО) 16 наурызда Монреальда өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Бұл туралы Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл кештің басты кездесуінде бірінші ауыр салмақтағы канадалық Саймон Кин (15-1, 14 КО) және аргентиналық Роджелио Росси (20-7-1, 13 КО) жұдырықтасады.

27 жастағы Жүкембаевтың жекпе-жегі басты оқиғаның бірі ретінде жарияланды. Бірінші жартылай орта дивизионда жұдырықтасатын қазақстандықтың қарсыласы кейін аталады.

Реклама
Реклама

25 жастағы Сабыров андеркартта екінші орта салмақ аясында 32 жастағы аргентиналық Сезар Рейносомен (15-11-4, 7 КО) жұдырықтасады.

Айта кетейік, Жүкембаев пен Сабыров та Eye of the Tiger Management компаниясымен келісімшартқа отырған. Боксшылар барлық жекпе-жегін Канадада өткізген.

Уалихан Қосанбай

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама