ПОДЕЛИТЬСЯ
07 ақпан 2019 | 16:57
Канадада өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшылар шаршы алаңға қашан шығады?
Кәсіпқой бокста жеңілмеген қазақстандық Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) пен Нұрзат Сабыров (8-0, 7 КО) 16 наурызда Монреальда өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Бұл туралы Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл кештің басты кездесуінде бірінші ауыр салмақтағы канадалық Саймон Кин (15-1, 14 КО) және аргентиналық Роджелио Росси (20-7-1, 13 КО) жұдырықтасады.
27 жастағы Жүкембаевтың жекпе-жегі басты оқиғаның бірі ретінде жарияланды. Бірінші жартылай орта дивизионда жұдырықтасатын қазақстандықтың қарсыласы кейін аталады.
25 жастағы Сабыров андеркартта екінші орта салмақ аясында 32 жастағы аргентиналық Сезар Рейносомен (15-11-4, 7 КО) жұдырықтасады.
Айта кетейік, Жүкембаев пен Сабыров та Eye of the Tiger Management компаниясымен келісімшартқа отырған. Боксшылар барлық жекпе-жегін Канадада өткізген.
Уалихан Қосанбай
Показать комментарии
Читайте также