08 қазан 2020 | 13:24

Қанат Ислам жекпе-жегін кейінге шегерді

Сурет: : instagram.com/islamkanatqazaq

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) келесі жекпе-жегін кейінге шегерді, - деп хабарлайды Vesti.kz мәлімет көзіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) келесі жекпе-жегін кейінге шегерді, - деп хабарлайды Vesti.kz мәлімет көзіне сілтеме жасап. 

Қанаттың бастапқыдағы қарсыласы 23 жастағы Гонсало Кория (16-3, 6 КО) болатын, алайда онымен өзге қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) жұдырықтасатын болды.

Реклама
Реклама

Одан кейін қазақ боксшы "Пантера" лақап атты 32 жастағы мексикалық Хесус Гурроламен (27-3-15, 14 КО) кездесу өткізуң керек еді, бірақ, боксшының визамен қиындықтары туындаған.

Қазақстандық боксшы болса қазір АҚШ-та жекпе-жекке дайындығын жалғастырып жатыр. 

BoxRec мәліметінше, Ислам 16 қазан Плант-Сити қаласындағы бокс кешінде жекпе-жекке шығуы керек болған.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы рингке бір жылдай уақыт шыққан жоқ. 2019 жылдың 26 қазаны Алматыда өткен WBO International титулы үшін кейінгі жекпе-жегінде ол намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) төрешілер шешімімен жеңген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная