05 шілде 2019 22:57

Қанат Ислам қарсыласын 10 секунд ішінде нокаутқа түсірді

Отандық боксшы Қанат Ислам орта салмақтағы WBO Inter-Continental атағын жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отандық боксшы Қанат Ислам орта салмақтағы WBO Inter-Continental атағын жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Қанат Ислам бүгін, 5 шілдеде қарсыласы доминикандық Хулио де Хесуспен жұдырықтасқан. Олардың жекпе-жегі бокс кешінің басты оқиғасы болды, бірақ көрермендер жекпе-жекті тамашалап үлгермеді: қазақстандық қарсыласын бірінші раундтың оныншы секундында нокаутқа түсірді.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Қанат Исламның бұл жекпе-жегі ұзақ уақыт үзілістен кейін болды. Бұған дейін ол 2017 жылдың қыркүйек айында рингке шыққан. Сол кезде қазақстандық боксшы Брэндон Кукті жеңіп, сол жеңісімен WBA Inter-Continental және WBO-NABO екінші дәрежелі титулдарын қорғаған, алайда кейін ол атақтарынан айырылып қалған.

Естеріңізге сала кетейік, орта салмақта Геннадий Головкин өнер көрсетеді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram