ПОДЕЛИТЬСЯ
21 ақпан 2021 | 10:41
Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа түсірді
Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Қанат Ислам кәсіпқой бокста кезекті жеңісіне жетті. Ол эквадорлық Джейсон Минданы нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Қанат Ислам кәсіпқой бокста кезекті жеңісіне жетті. Ол эквадорлық Джейсон Минданы нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қанат Ислам Майамидегі (Флорида штаты, АҚШ) бокс кешінде рингке шықты. Қарсыласы кездесу қарсаңында өзгерді. Бастапқыда 35 жастағы Исламның қарсыласы 33 жастағы ганалық Ободай Саи болуы керек еді. Бірақ кейін қазақстандыққа қарсы эквадорлық Джейсон Минда шығатыны анықталды.
Кездесу 10 раундқа жоспарланған, бірақ жетінші раундта аяқталды. Бастапқыда қазақстандық өз қарсыласын төртінші раундта нокдаунға түсірсе, кейін жетінші раундта рефери тағы да бір нокдаун санады. Бірақ артынша Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа түсірді.
Қанат Ислам бір жылдан аса уақытқа созылған үзілістен кейін рингке оралып отыр. 2019 жылдың қазанында ол Алматыда намибиялық Уолтер Каутондокваны жеңіп, орта салмақтағы WBO International титулын қорғап қалған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также