"Канело" 1938 жылы қойылған рекордты қайталады

"Канело" 1938 жылы қойылған рекордты қайталады

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес бір уақытта үш салмақ дәрежесінде белбеуі бар екінші боксшы ретінде тарихқа енді. Бұл туралы iSport.ua жазды. 

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес бір уақытта үш салмақ дәрежесінде белбеуі бар екінші боксшы ретінде тарихқа енді. Бұл туралы iSport.ua жазды. 

Өткен демалыста Альварес Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында ресейлік Сергей Ковалевті 11-раундта нокаутпен жеңіп, карьерасында төртінші салмақты бағындырған болатын. 

Қазір мексикалық боксшыда үш түрлі салмақта титул бар: орта салмақта - WBC (Franchise) мен WBA (Super), екінші орта салмақта - WBA (Regular), жартылай ауыр салмақта - WBO.

Жарнама
Жарнама

Бокс тарихында алғаш болып бір уақытта үш түрлі салмақта титул иеленген - америкалық Генри Армстронг. 1938 жылы ол жартылай жеңіл, жеңіл және жартылай орта салмақтарда әлем чемпионы болған.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама