ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 20 тамыз 2021 09:23
Канело абсолют әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
Суперорта салмақта WBC, WBA Super және WBO чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес IBF белбеуінің иегері америкалық Калеб Плантпен жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе -жек 6 қарашада Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді. Канело жекпе-жек туралы әлеуметтік желідегі парақшасында ресми түрде жариялады.
"6 қарашада мексикалық боксты шыңға шығарамыз! Жетпей тұрған белбеуді иеленемін", - деп жазды боксшы.
Айта кетейік, Канело Плантты жеңсе, 168 фунтта абсолют әлем чемпионы атанады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу