28 ақпан 2021 | 11:27

"Канело" әлем чемпионы титулын сәтті қорғады

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес түркиялық Авни Йылдырымды жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес түркиялық Авни Йылдырымды жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олардың кездесуі Майамиде өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі болды. 

Үшінші раундта мексикалық боксшы түркиялық қарсыласын нокдаунға жіберді. Үзілістен кейін боксшы командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Реклама
Реклама

Бұл Альварестің 55-ші жеңісі және 37-ші нокауты. Йылдырым үшінші рет жеңіліс тапты.

"Канело" былтыр желтоқсанда ұлыбританиялық Каллум Смитті жеңіп, WBA (Super) және WBC нұсқасында екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғады.

Бұған дейін Альварес осы жекпе-жекте жеңіске жетсе, мамырда екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен кездесетіні туралы ақпарат шыққан еді.

Айта кетейік, бұл дивизионда наурызда рингке оралуды жоспарлап отырған қазақстандық Әли Ахмедов өнер көрсетеді. Сондай-ақ, мексикалық әлем чемпионын орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Қанат Ислам рингке шақырды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная