08 мамыр 2022 12:57

Канело - Бивол жекпе-жегінің толық видеосы жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©Reuters

Мексикалық Сауль Канело Альварес пен Дмитрий Бивол жекпе-жегінің толық видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мексикалық Сауль Канело Альварес пен Дмитрий Бивол жекпе-жегінің толық видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында өткен бокс кешінде жұдырықтасты. Vesti.kz мәліметінше, жекпе-жекте жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі WBA Super нұсқасы бойынша әлем чемпионы белдігі сарапқа салынып, оны ресейлік боксшы сәтті қорғап қалды. Альварес болса орта салмақтағы абсолют чемпион атағын сақтап қалды.

Жекпе-жек 12 раундқа созылып, жеңіс төрешілер бірауыздан қабылдаған шешім бойынша, Канелодан басым түскен Биволға берілді. Бұл нәтиже мексикалық пен қазақстандық GGG-дің үшінші жекпе-жек өткізуіне күмән туғызды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram