ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қыркүйек 2022 | 17:44
Канело Биволдан реванш алуға дайын екенін айтты
Бокстан екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы Сауль Канело Альварес ресейлік Дмитрий Биволдан реванш алуға ниетті екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бокстан екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы Сауль Канело Альварес ресейлік Дмитрий Биволдан реванш алуға ниетті екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл туралы ол Геннадий Головкинге қарсы үшінші жекпе-жегінде жеңіске жеткеннен кейін айтты.
"Бұл менің мұрам үшін, мен үшін, мақтанышым үшін, елім үшін, отбасым үшін өте маңызды. Мен оны жеңуге дайынмын", - деп келтіреді Альварестің сөзін Matchroom Boxing.
2022 жылы мамырда Бивол Альваресті төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Головкинге қарсы трилогия 18 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын.
Одан кейін Сауль Канело Альварес Головкинге алғыс айтқан еді. Головкин де мексикалықтың командасын құттықтап, карьерасы туралы сұраққа жауап берген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также