"Канело" ешкімнен қашып жүрген жоқ - Альварестің промоутері

Оскар Де Ла Хойя © boxingscene.com

Golden Boy Promotions компаниясыны? басшысы, WBO т?жырымы бойынша бірінші орта салма?та?ы ?лем чемпионы мексикалы? Сауль "Канело" Альваресті? (48-1-1, 34 КО) м?ддесін ?ор?айтын Оскар Де Ла Хойя WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы, орта салма?та?ы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкинге (36-0, 33 КО) жаса?ан ?сынысы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Golden Boy Promotions компаниясының басшысы, WBO тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (48-1-1, 34 КО) мүддесін қорғайтын Оскар Де Ла Хойя WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (36-0, 33 КО) жасаған ұсынысы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, тараптар былтырдан бері қаржы мәселесіне қатысты келісімге келе алмай жатқан болатын. Сол кезде "Канелоның" Головкинге жекпе-жек үшін 15 миллион доллар гонорар берілетіні айтылған еді. Бірақ Головкиннің командасы кездесуден түскен табысты екеуінің теңдей бөліп алуын қалайды екен.

Алайда Де Ла Хойя ұсыныстың кешенді болғанын, яғни, олар жасаған ұсыныста Головкиннің белгілі бір сомадағы гонорар мен ақылы трансляциядан (PPV) түскен табыстың пайызын алатынын айтқан.

Реклама
Реклама

"Головкиннің командасына бұл ұсыныс ұнамайтын болса, біз оған кінәлі емеспіз. Ұсыныс жасалды. Головкин расында да "Канеломен" жекпе-жек өткізгісі келсе, ол мансап жолындағы ең табысты гонорарды алуы мүмкін. Менің айтқым келетіні, "Канело" ешкімнен қашып жүрген жоқ. Ол мықтылармен және Головкинмен жұдырықтасқысы келеді", - деді промоутер.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама