Канело-Головкин жекпе-жегінің төрешілері бекітілді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің қазылар алқасы бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің қазылар алқасы бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena шаршы алаңында өтеді.

BoxingScene.com мәліметінше, рингте төреші Рассел Мора болады. Ал қазылар алқасы құрамы мынадай: Дэйв Моретти (Невада), Стив Вайсфельд (Нью-Джерси) және Дэвид Сазерлэнд (Оклахома).

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Моретти Головкин мен Альварестің алдыңғы екі айқасында да қазылық еткен. Бірінші жекпе-жекте ол 115-113 есебімен қазақстандық жеңді деген шешім шығарған, ал қарымтада осындай есепті мексикалықтың пайдасына жазды. 

Вайсфельд те Головкин мен "Канелоның" екінші айқасында қазылық еткен. Жеңісті ол мексикалыққа берген болатын - 115-113.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама