"Канело" Головкинді жеңсе, Мейвезермен екінші рет жекпе-жекке шыға алады - Бронер

© FightNews.RU

Америкалы? к?сіп?ой боксшы Эдриен Бронер Сауль "Канело" Альварес Лас-Вегаста?ы жекпе-жекте Геннадий Головкинді же?се ?зіні? отандасы Флойд Мейвезерді? шаршы ала??а оралу м?мкін екенін айтады. Бронерді? ойынша, Мейвезер та?ы да бір рет ?ома?ты ?аражат алудан бас тартпайды. 

Америкалық кәсіпқой боксшы Эдриен Бронер Сауль "Канело" Альварес Лас-Вегастағы жекпе-жекте Геннадий Головкинді жеңсе өзінің отандасы Флойд Мейвезердің шаршы алаңға оралу мүмкін екенін айтады. Бронердің ойынша, Мейвезер тағы да бір рет қомақты қаражат алудан бас тартпайды. 

"Егер Альварес Головкинді жеңетін болса, Мейвезермен екінші рет жекпе-жекке шыға алады. Бұл кездесуден Флойд шамамен 300-350 миллион доллар табыс табады. Әрине Альварес бұрынғыдағыдай емес, бірақ Флойд әлі де өз қалпында. Бұл 2013 жылғы жекпе-жектің қайталамасы болады", - дейді Бронер. 

Еске салайық, "Канело" мен Мейвезер 2013 жылы 14 қыркүйекте Лас-Вегаста жұдырықтасқан еді. Ол кездесу 12 раундқа созылды, төрешілер шешімімен (114-114, 116-112, 117-111) Флойд жеңіске жетті. Осылайша Альварес WBC және The Ring титулдарынан айырылып қалды, сонымен қатар ол бірінші орта салмақта WBA Super титулын иелену мүмкіндігінен айырылды. 

Реклама
Реклама

17 қыркүйекте көптен күткен қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек өтеді. Бокс кеші Астана уақыты бойынша таңғы 06:00-ден бастап Qazaqstan және QazSport телеарналарынан тікелей эфирден көрсетіледі. Ал Лас-Вегастағы 20 мың адамдық T-Mobile аренасында өтетін басты жекпе-жек Головкин - Альварес кездесуі 08:50-де басталады деп жоспарланған.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама