"Канело" Головкинді жылдамдық пен қарымта соққылар арқылы жеңе алады - Маркес

"Канело" Головкинді жылдамдық пен қарымта соққылар арқылы жеңе алады - Маркес © Eurosport

Т?рт салма? д?режесінде б?рын?ы ?лем чемпионы мексикалы? боксшы Хуан Мануэль Маркес ?зіні? жерлесі Сауль "Канело" Альварес келесі жекпе-жегін орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) ?ткізуі керек бол?анын айтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Төрт салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы мексикалық боксшы Хуан Мануэль Маркес өзінің жерлесі Сауль "Канело" Альварес келесі жекпе-жегін орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) өткізуі керек болғанын айтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

6 мамырда Лас-Вегаста "Канело" мен Хулио Сезар Чавестің жекпе-жегі өтеді. 

"Бұл жекпе-жекте "Канело" Головкинмен жұдырықтасу керек еді, бірақ, ол Чавесті таңдады. Осыдан кейін Альварес қандай бағыт ұстанатынын көреміз, алайда, ол міндетті түрде Головкинмен жұдырықтасуы керек. Барлығы осы жекпе-жекті көргісі келеді. Егер жақсылап дайындалса, "Канело" жеңіске жете алады. Ал ол әрдайым жақсы дайындалады. 

Реклама
Реклама

"Жекпе-жек болады деген үміттемін. Өйткені оны бүкіл әлем күтіп отыр. Головкин мықты, соққысы ауыр. Бұл "Канело" үшін ауыр жекпе-жек болады. Бірақ Альварес жылдамдық пен қарымта соққылар арқылы жеңіске жете алады. Головкинді жұдырықтасқандардың барлығынан мықты етіп тұрған оның күші", - дейді Маркес Fighthub.com басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Головкина және "Канело" қыркүйекте жекпе-жек өткізу туралы келіссөз жүргізіп жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама