"Канело" Головкинге тиесілі WBC белбеуі үшін жұдырықтасудан бас тартты

© vk.com/ggolovkin

Мексикалы? боксшы Сауль "Канело" Альварес алда?ы жекпе-жекте ?аза?станды? Геннадий Головкинні? ?ай белбеулерін алып ?ою?а ?мітті екенін промоутерлерімен келіспеген сия?ты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтыны? ?аза? б?лімі.

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес алдағы жекпе-жекте қазақстандық Геннадий Головкиннің қай белбеулерін алып қоюға үмітті екенін промоутерлерімен келіспеген сияқты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

Головкин орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулеріне ие. Ал "Канело" Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) басшылығымен жанжалдасып қалған еді. Мексикалық боксшының пікірінше, ұйым белбеуді GGG-ге жекпе-жексіз беруге мәжбүр еткен. 

"Біз IBF белбеуі үшін жұдырықтасамыз және жекпе-жек күні салмақ өлшейміз. WBC белбеуі бойынша әлі шешпедік", - дейді Альварестің промоутері Эрик Гомес. Golden Boy Promotions өкілінің сөзін boxingscene.com басылымы келтіріп отыр. 

Реклама
Реклама

Алайда "Канело" бұл сөзбен келіспей, орнынан атып тұрып: "Жоқ, мен WBC үшін жұдырықтаспаймын", - деді. 

Еске салайық, Головкиндегі IBF белбеуіне Дэниэл Джйкобс таласқан болатын. Ол ұйым ережелері бойынша жекпе-жек күні өлшенуге келген жоқ. Осы арқылы ол орта салмақ лимитінен асып кеткен еді. 

Еске салайық, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекке белгіленген. Бокс кеші T-Mobile аренасында өтеді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама