17 тамыз 2022 | 15:24

Канело Головкинмен жекпе-жегінен кейін сауық кешін өткізетінін жариялады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:instagram.com/canelo

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегінен кейін сауық кешін өткізбек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегінен кейін сауық кешін өткізбек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Канело" әлеуметтік желіде 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтетін жекпе-жектен кейін сауық кеші болатынын жариялады.

"17 қыркүйекте Канелоның Fight After Party ресми кешінде Zouk Night club-та өтетін тағы бір ұмытылмас түнге дайын болыңыз", - делінген оның Instagram-парақшасындағы жазбада.

Реклама
Реклама

Еске салайық, боксшылар бұл аренада 2017 және 2018 жылдары кездескен болатын. Бірінші жекпе-жек тепе-тең есеппен аяқталса, екіншісінде Альварес жеңіске жетті.

Бұған дейін Головкин әлеуметтік желіде мексикалық боксшымен үшінші жекпе-жекке қатысты жазба жариялаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная