ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қазан 2019 | 09:16
Канело Головкинмен трилогия өткізбеудің тағы бір амалын тапты
Орта және екінші орта салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес 2 қарашада Лас-Вегаста (АҚШ) төртінші дивизионды бағындыруға тырысады - ресейлік Сергей Ковалевпен жартылай ауыр салмақта WBO титулы үшін жұдырықтаспақ. Канело мұнымен тоқтап қалмақ емес, бірінші ауыр салмақта да чемпион атануды көздеп отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Орта және екінші орта салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес 2 қарашада Лас-Вегаста (АҚШ) төртінші дивизионды бағындыруға тырысады - ресейлік Сергей Ковалевпен жартылай ауыр салмақта WBO титулы үшін жұдырықтаспақ. Канело мұнымен тоқтап қалмақ емес, бірінші ауыр салмақта да чемпион атануды көздеп отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Маған орта салмаққа оралуға тура келеді. Иә, жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жектен кейін орта салмақ лимитін жасау қиын болады. Бірақ қазір менде бір ғана мақсат бар - бұл алдағы жекпе-жегім. Болашақ туралы ойламаймын. Оның үстіне бәрі таңдауларға байланысты - жекпе-жектер мені жігерлендіргенін қалаймын. Шешімді командамен қабылдаймыз. Оларға толығымен сенемін", - деді Канело.
"Мен қандай ақымақтыққа баруға дайынмын?, - деп жымияды Альварес. - Бірінші ауыр салмақта жекпе-жек өткізу шығар. Иә, бұл ақылға қонымсыз болып көрінуі мүмкін. Бірақ кім біледі?.. Мен соққы жіберіп алудан қашу машығыма сенемін. Крузермен спарринг өткізгенмін. Ұнады: бұл жігерлендіріп, одан да көбірек және ауырырақ жұмыс істеуге итермелейді. Содан кейін өзімнің физикалық дайындығым мен күш-қуатыма одан да қатты сене бастадым. Мақсатым - мексикалық бокс тарихында үздіктердің бірі болу. Бұл маған жігер береді. Алдағы жекпе-жек - осы сериядан".
Басында Альварес қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізеді деген болжам болған, алайда мексикалық боксшы одан бас тартқан. Ол GGG-мен тағы да жұдырықтасудың мәні жоқ екенін айтқан. Олардың бірінші жекпе-жегі 2017 жылы қыркүйекте өтіп, тең есеппен аяқталған еді. Бір жылдан соң Альварес төрешілер шешімімен жеңген. Осылайша, Головкин карьерасында алғаш рет жеңіліп, барлық титулынан айырылған болатын.
DAZN стриминг сервисі Головкин мен Канело трилогиясын 2020 жылы өткізуге мүдделі. Алайда мексикалық боксшы өз ойынан бас тартпайтынға ұқсайды.
Показать комментарии
Читайте также