"Канело" Головкинмен үшінші жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Фото: instagram.com/canelo

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 KO) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жақын арада кездесуді жоспарламағанын  айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі vRINGe.com басылымына сілтеме жасап.

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 KO) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жақын арада кездесуді жоспарламағанын  айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі vRINGe.com басылымына сілтеме жасап.

Шолушылар "Канело" және GGG  тағы мамырда үшінші рет жекпе-жекке шығуы мүмкін екенін болжады. Алайда Саульдің басқа жоспары бар болып шықты.

"Головкинге қатысты жағдай анық: бұл - оның ойында жүрген жалғыз жекпе-жек. Мүмкін ол карьерасын "Канелоға" қарсы жекпе-жектен кейін аяқтығысы келетін шығар. Бірақ біздің қазір басқа мақсатымыз бар: алдымен Смитпен кездесу, содан соң, Эдди (Рейносо) айтқандай, 76,2 килограмдағы титулдарды біріктіру және тарихты өзгертуді жалғастыру керек. Головкинмен кейінірек кездесеміз", - деді Альварес.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Головкин мен Альварес екі рет кездескен болатын. 2017 жылдың қыркүйегінде жекпе-жек тең аяқталды, ал жыл бұрын төрешілер жеңісті "Канелоға" берді.

Еске салайық, 18 желтоқсанда Головкин жартылай салмақта IBF титулын қорғау үшін польшалық Камил Шерематамен жекпе-жек өткізеді. Ал Альварес WBA чемпионы Каллум Смитпен кездеседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама