ПОДЕЛИТЬСЯ
08 мамыр 2021 | 13:54
Канело Головкинмен үшінші рет жұдырықтасқысы келеді
Төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес ұлыбританиялық Билли Джо Сондерске қарсы жекпе-жектен кейін қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші рет жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Альварестің басты шарты екінші орта салмақ лимиті. Ол GGG бір санатқа көтеріледі деп күтіп жүр.
"Шынымды айтсам, мен барлығы үшін ашықпын. GGG-мен үшінші жекпе-жекке де. Мен онымен біріктіру жекпе-жегімнен кейін жұдырықтасуға дайынмын. Бірақ жекпе-жек екінші орта салмақта өтеді. Көтерілсін.
Ол менімен жұдырықтасқысы келсе, осыны істесін", - деп келтірді Boxingscene.com Альварестің сөзін.
Айта кетейік, суперорта салмақтағы чемпиондар Альварес пен Сондерстің біріктіру жекпе-жегі Арлингтонда (Техас штаты, АҚШ) 8 мамырда өтеді. Қазақстандық уақыт бойынша ол - 9 мамыр, таңертең. Кездесуде WBC, WBO және WBA титулдары бәске тігіледі.
Головкин мексикалық боксшымен екі рет жұдырықтасқан болатын. Жекпе-жектердің біреуінде екеуі тең түсіп, екінші жекпе-жекте Канело жеңді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также