"Канело" Головкиннің соққы күші жайлы пікір білдірді

"Канело" Альварес пен Геннадий Головкин. © si.com

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) Badlefthook.com порталына берген сұхбатында қарсыласы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) соққысының күші жайлы пікір білдірді.

Олардың екінші кездесуі 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кім мықтыны анықтай алмаған еді.

"Мен оның жойқын соққы жұмсай алатын боксшы екенін білдім. Ол маған ауыр соққыларының бірін дарыта білді. Құлақ пен мойынның ортасына тиді. Мұндай соққы кез келген боксшыны құлатады, алайда мен ештеңе сезбедім, осы маған сенімділік берді десем де болады. Иә, оның соққысы ауыр, алайда мен оны тылсым күш деп айтпас едім. Менің ойымша, оның соққысы он балдың 8-9 ұпайын алады. Ол мықты спортшы", - деді Альварес.

Реклама
Реклама

Осыған дейін мексикалық боксшы Головкинді өзімен шаршы алаңда кездескен ең мықты қарсылас болғанын айтқан еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама