23 сәуір 2020 | 09:22

"Канело" карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

Сауль "Канело" Альварес. Фото: DAZN©

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) карьерасын қашан аяқтайтынын айтты, - деп хабарлайды vRINGe.com.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) карьерасын қашан аяқтайтынын айтты, - деп хабарлайды vRINGe.com.

18 шілдеде орта салмақта WBA (Super) мен WBC (Franchise) және екінші орта салмақта WBA (Regular) титулының иегері 30 жасқа толады. 

Реклама
Реклама

"Меніңше, 36 жас - карьераны аяқтайтын жақсы мерзім. Көп болса, 37 жас. Тәртіп, еңбекқорлық және бар күшімді салуым жоғалған жоқ. Уақыт өте жалғыз өзгергені - менің жетістіктерім. Қазір боксқа жаңа келген кезімдегідей әлі де күн сайын жаттығамын.

Бокс - бұл өмірім. Денем жекпе-жекті аңсайды. Кездесу жоспарланса да, жоспарланбаса да, жаттығу жасаймын. Себебі бұл істі жақсы көремін. "Зейнетте" не істеймін? Өзімді бизнеске арнап, күн сайын гольф ойнаймын", - деді Альварес Box Azteca-ға берген сұхбатында. 

Еске салайық, Альварес кәсіпқой боксқа 2005 жылы қазанда 15 жасында келген. Соңғы 15 жыл ішінде ол төрт салмақ дәрежесінде әлем  чемпионы болды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная