06 сәуір 2020 | 14:31

"Канело" командасы Головкинмен жекпе-жектің шешуші шартын атады

Фото: Тұрар Қазанғапов

Төрт салмақта әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) және орта дивизионда IBF пен IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1. 35 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек биыл өтуі мүмкін, алайда соңғы сөз мексикалықтың еншісінде. Бұл туралы Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Төрт салмақта әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) және орта дивизионда IBF пен IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1. 35 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек биыл өтуі мүмкін, алайда соңғы сөз мексикалықтың еншісінде. Бұл туралы Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Біз барлық жағдайды қарастыруымыз қажет, айтқанымдай бәрі "Канелоға" байланысты. Оған бар мүмкіндіктерді ұсынамыз, сосын ол шешім қабылдайды.

Реклама
Реклама

Трилогия барлығы көргісі келетін жекпе-жек екенін білемін. Жанкүйерлер үшінші айқасты тамашалағыcы келетінін білдірді. Алдыңғы екеуі жақсы өтті. Дегенмен бәрі "Канелоның" не істегісі келетініне байланысты. Біз түрлі жоспар ұсынамыз, ал таңдайтын ол", - дейді Гомес DAZN-мен сұхбатында. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная