ПОДЕЛИТЬСЯ
03 тамыз 2019 | 18:16
"Канело" мен Golden Boy Головкинмен жекпе-жек үшін жанжалдасты - сарапшы
The Athletic журналисті Лэнс Пагмайер мексикалық боксшы Сауль Альварес пен Golden Boy промоутерлік компаниясы арасындағы жанжалдың болу себебін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
The Athletic журналисті Лэнс Пагмайер мексикалық боксшы Сауль Альварес пен Golden Boy промоутерлік компаниясы арасындағы жанжалдың болу себебін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Сарапшы сонымен қатар, қазақстандық Геннадий Головкин мен "Канелоның" жекпе-жегіндегі тараптар арасындағы сөзге келіспеушіліктің себебін айтты.
"Де Ла Хойя DAZN-мен келісімшартқа Альварес пен Головкин биыл бір-біріне қарсы, атап айтқанда қыркүйекте шаршы алаңға шығады деген шартпен қол қойған. Бұған "Канело" наразы болды.
Алайда бұл жалғыз себеп емес. Альвареке Golden Boy мен DAZN стриминг компаниясының келісімі ұнамаған. Енді Golden Boy басқа боксшылардың жекпе-жектерін эфирде тарату құқығы үшін GB-ге бес жыл бойы шамамен 90 миллион доллар төлейді. Бұл DAZN мен ОДЛХ арасындағы үлкен келісімшартқа енді", - деп жазады Пагмайер.
Айта кетейік, Альварес 2019 жылы Головкинмен кездесуден бас тартқан, ал WBO чемпионы Сергей Ковалевпен (33-3-1, 28 КО) келіссөздер сәтсіз өткеннен кйін, ол Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жекпе-жек үшін бес миллион доллар жоғалтуға дайын болды. Украиналық боксшымен келісімге келе алмаған мексикандық осылайша IBF титулынан айырылды.
Показать комментарии
Читайте также