"Канело" мен Головкин арасындағы қарымта жекпе-жектің жарнамасы тоқтатылды

© axs.com

Орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды?  Геннадий Головкин ж?не мексикалы? Сауль "Канело" Альварес арасында?ы екінші жекпе-жекті ?йымдастырушылар жарнамалы? нау?анды то?татты, - деп хабарлайды "Чемпионат.com".

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық  Геннадий Головкин және мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы екінші жекпе-жекті ұйымдастырушылар жарнамалық науқанды тоқтатты, - деп хабарлайды "Чемпионат.com".

Жекпе-жек 2018 жылы 5 мамырда Лас-Вегаста өтуі тиіс еді. Дегенмен кешті ұйымдастырушылар жекпе-жектің өтпейді деген ойға келгендей сыңай танытуда.

Los Angeles Times баылымының жазуынша, Golden Boy Promotions жекпе-жекке қатысты барлық шараларды тоқтатты, HBO арнасы жарнаманы үзді, ал MGM Resorts билет құнын қайтаруға дайын екендерін жеткізді.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 28 наурызда ESPN арнасының сарапшысы және Америкадағы танымал бокс шолушысы Дэн Рафаэль Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек күні (5 мамыр) өзгеруі мүмкін деген болжам жасаған.

Еске салайық, Головкинмен қарымта кездесуге екі ай қалғанда Альварестің қанынан кленбутерол атты допинг табылған. Мексикалықтың командасы мұны зарарлы етті тамаққа пайдаланумен байланыстырды. Дегенмен Невада штатының Атлетикалық комиссиясы Альваресті әзірге жекпе-жектерден шеттетті. Қорытынды шешім 10 сәуірде шығады.

Ал Головкиннің промоутері Том Леффлер комиссия Альвареске қатысты қандай шешім шығарса да, қазақстандық 5 мамырда шаршы алаңға шығатынын мәлімдеген.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама