"Канело" мен Головкиннің қарымта жекпе-жегі тарихта жазылады - WBC президенті

© MMABoxing

Б?кіл?лемдік бокс ке?есіні? (WBC) президенті Маурисио Сулейман ?аза?стады? Геннадий Головкин мен мексикалы? Сауль "Канело" Альваресті? арасында?ы ?арымта жекпе-жегінен не к?тетінін айтты, - деп хабарлайды BoxingScene.com.

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман қазақстадық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің арасындағы қарымта жекпе-жегінен не күтетінін айтты, - деп хабарлайды BoxingScene.com.

Тараптар ұзақ келіссөздерден кейін 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында жекпе-жек өткізуге келісті. Бокс кешін HBO арнасы ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді.

"Мұны тойлау керек, келісімге келе алғандығын. Жанжалдар артта қалды, енді назарымызды соған тұрарлық дүниеге - осы жекпе-жекке бұруымыз керек. Екінші жекпе-жек бокс классикасына айналуы мүмкін, өйткені қос боксшының да техникалық деңгейі жоғары және танымал. Алғашқы жекпе-жек сенсация болды, боксшылар бірін-бірі танып, алдағы жекпе-жекте жеңіс үшін қандай амалдар жасау керектігін біліп қалды. Біздің өмірімізде әлеуметтік желілер үлкен рөл атқарады, ал бұл промоутерлерге үнемі БАҚ назарында және қысым астында жүруге мәжбүрлейді. Кейде бұл шындықты дұрыс қабылдауға да бөгет", - дейді Сулейман ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында.

Реклама
Реклама

Головкиннің бапкері Абель Санчест те осылай ойлайды. Оның сөзінше, 15 қыркүйекте GGG "Канелоны" нокаутқа түсіретіндіктен бұл жекпе-жек тарихқа еніп, адамдардың жадында ұзақ сақталады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама