"Канело" мен Ковалев қарашада жұдырықтасуға келісті - БАҚ

"Канело" мен Ковалев қарашада жұдырықтасуға келісті - БАҚ Фото: theathletic.com

Мексикалық боксшы Сауль Альварес пен ресейлік Сергей Ковалев 2 қарашада жекпе-жек өткізуге келісті, - деп хабарлайды Theathletic.com. Кездесу Лас-Вегаста өтеді. 

Мексикалық боксшы Сауль Альварес пен ресейлік Сергей Ковалев 2 қарашада жекпе-жек өткізуге келісті, - деп хабарлайды Theathletic.com. Кездесу Лас-Вегаста өтеді. 

Боксшылардың жекпе-жегі жайлы келесі аптада ресми түрде хабарланады. Жекпе-жек жартылай ауыр салмақта өтеді. 

Айта кетейік, тамызда Ковалев британиялық Энтони Ярдке қарсы жекпе-жекте жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы белбеуін қорғап қалған еді. Жекпе-жектен кейін Ковалев жартылай орта салмақта WBA және WBC белбеулерінің иегері мен екінші орта салмақта WBA тұрақты чемпионы Сауль Альвареспен жұдырықтасқысы келетінін айтқан болатын.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама