"Канело" қыруар ақша тауып жүр, сондықтан Головкинмен жұдырықтасуға асықпайды - Смит

"Канело" қыруар ақша тауып жүр, сондықтан Головкинмен жұдырықтасуға асықпайды - Смит © AllBoxing.ru

?лемні? бірінші орта салма?та?ы экс-чемпионы ?лыбританиялы? Лиам Смит б?рын?ы ?арсыласы Сауль "Канело" Альварес ?аза?станды? Геннадий Головкинмен ж?дыры?тасудан ?ашып ж?ргенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтыны? ?аза? б?лімі. 

Әлемнің бірінші орта салмақтағы экс-чемпионы ұлыбританиялық Лиам Смит бұрынғы қарсыласы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасудан қашып жүргенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

"Канело" жағдайын жақсартып алған уақытқа дейін Головкиннен қашады. Оның ақылды боксшы екені белгілі. Уақыт өтіп жатыр, ал Головкиннің жасына жас қосылып жатыр. "Канело" неғұрлым ұзақ күтсе, жекпе-жекте жеңіске жету мүмкіндігі соғұрлым артады. Головкин боксшы ретінде мықты, бірақ, "Канелоның" даңқы басымырақ. Қазір ол ақша тауып жүр. Сондықтан асықпайды (Головкинмен жұдырықтасуға - ред.)", - дейді Смит Behind The Gloves басылымына берген сұхбатында. 

Еске салайық, Смит және "Канело" 2016 жылы шаршы алаңда жолығып, ұлыбританиялық боксшы нокаутқа түскен болатын. Осылайша, Смит WBО белбеуінен айырылған еді. 

Реклама
Реклама

Мамыр айында Әмір Ханды жеңгеннен кейін "Канело" ринг маңында отырған Головкинді елдің көзінше "жұдырықтасуға" шақырған еді. Ал жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихаты кезінде қазақстандық боксшымен жекпе-жек өткізуден қорықпайтынын және күз айында жұдырықтасуға дайын екенін айтқан. Алайда бірнеше күннен кейін мексикалық боксшы WBC белбеуінен бас тартып, бірінші орта салмаққа ауысып кеткен болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама