"Канело" жеңіске жетсе, үшінші кездесу болмайды - Головкиннің бапкері

Орта салма?та?ы WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы Геннадий Головкинні? (37-0-1, 33 КО) бас бапкері Абель Санчес ?аза?станды? боксшы мен мексикалы? Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында?ы ?шінші кездесуді? ?ту м?мкіндігіне то?талды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) бас бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы үшінші кездесудің өту мүмкіндігіне тоқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесу 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, төрешілердің шешімімен тең аяқталып еді. Енді екі боксшы екінші рет 5 мамырда қайта кездеседі. Бірақ жекпе-жектің қайта өтетіні белгісіз. Сондай-ақ екінші кездесудің келісімшартында реванш туралы қарастырылмаған.

"Менің ойымша, қазір боксқа осындай жекпе-жектер жетіспейтін секілді. Барлығы екінші кездесудің қалай өтетініне байланысты болады. Егер "Канело" төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетсе, ол Головкиннен қашып, үшінші кездесу өтпейді. Бірақ бұл теке-тіреске трилогия керек. Боксқа осындай кездесулер қажет", - деп жазады Boxingtalk.com порталы Абель Санчестің сөзін.

Реклама
Реклама

Бұған дейін орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) болса Головкинді алда қиын кездесу күтіп тұрғанын айтты. Оның айтуынша, қазақстандық боксшы жеңіске жету үшін алдымен "Канело", кейін төрешілерді сосын Де Ла Хойяны жеңуі керек екен.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама