ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қазан 2018 | 09:58
"Канелоға" Головкиннен жеңіп алған әлем чемпионы белбеуі табысталды
Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Алвареске Дүниежүзілік бокс кеңесіне (WBC) сәйкес орташа салмақтағы әлем чемпионы белбеуі берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап.

Салтанатты рәсім Мехикодағы (Мексика) Соумай музейінде өтті. Альварес ұйымның президенті Маурисио Сулейман және мексикалық миллиардер Карлос Слимнің қолынан WBC-дің арнайы белбеуін алды.
© boxingscene.com
Альварес бұл белбеулерге қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен болған реваншта жеңіске жеткеннен кейін ие болды. Олардың екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтіп, төрешілердің басым бөлігінің шешімі бойынша "Канело" жеңіс тойлады.
Бұл Головкин үшін карьерасындағы бірінші жеңіліс болды, ол WBC, WBA (Super) және IBO орташа салмақ дәрежесіндегі чемпион титулынан айырылды. Белбеуінің барлығы мексикалық боксшыға берілді. Алайда, кейінірек Альварес IBO белдеуінен айырылды, себебі ол санкция ақысын төлеуден бас тартты.
Показать комментарии
Читайте также