ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қазан 2022 | 18:02
"Канелоға" қауіп төндіріп тұрған боксшы жеңіліп көрмеген қазақстандықпен жекпе-жекке шығады
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) мен кубалық Дэвид Моррел (7-0, 6 КО) арасындағы чемпиондық жекпе-жектің жеңімпазы америкалық Дэвид Бенавидеспен (26-0, 23 КО) жекпе-жекке шығуы керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық пен кубалық боксшылар келісімшартқа қол қойды, оған сәйкес жекпе-жектің жеңімпазы Бенавидеске қарсы титулды қорғайды.
Айта кетейік, Бенавидес екінші орта салмақтағы қауіпті боксшы. Сарапшылардың айтуынша, ол супер орта салмақтағы сөзсіз әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (57-1-2, 39 КО) қауіп төндіреді.
Еске салайық, 5 қарашада Миннеаполисте (АҚШ) Моррелл WBA титулын қорғау үшін Ербосынұлымен жекпе-жекке шығады. Екі жақтың тарапы бұл жекпе-жекті өткізу үшін бір жыл бойы келіссөз жүргізген.
Ербосынұлы былтыр күзде Астанада гайаналық Леннокс Алленді (22-2-1, 14 КО) нокаутқа түсіргеннен бері рингке шықпаған. Көктемде қазақ боксшысы "Канелоның" спарринг-серіктес ролінде болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также