02 қараша 2018 | 13:45

"Канеломен" реваншқа дейін Головкиннің аралық жекпе-жек өткізетін қарсыласы аталды

АҚШ-тың ислан тілді ірі Univision арнасы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (50-1-2, 34 КО) үшінші рет жұдырықтасу мүмкіндігін бағалады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

HBO арнасының жыл аяқталысымен боксты трансляциялауды тоқтататындықтан, Головкин еркін агент дәрежесінде жүр. Ал қазақстандықпен келісімшарт жасасуға басты үміткер DAZN стриминг қызметі - The Ring мәліметінше, тараптар жақында келесімшартқа қол қояды.

Реклама
Реклама

Мұның алдында DAZN Альвареспен рекордтық келісімшарт жасасты. Мексикалық бес жылда 11 жекпе-жек үшін 365 миллион доллар алады.

Univision ақпараты бойынша, DAZN қызметімен келісімшарт жасасу Головкиннің Альвареспен үшінші рет жұдырықтасу мүмкіндігін арттырады. Егер тараптар бірден жекпе-жек өткізу туралы келіспесе, қазақстандық америкалық чемпиондардың бірімен - IBF белбеуінің иегері Дэниел Джейкобс (35-2, 29 КО) немесе WBO чемпионы Деметриус Андрадедемен (26-0, 16 КО) аралық жекпе-жек өткізіп, кейін "Канеломен" жұдырықтаса алады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram